Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер туралы заң жобасын мақұлдады

Ұлттық қордан - балаларға, Ұлттық қор, ҚР Парламенті мәжілісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2023 11:59 Сурет: pixabay
2023 жылғы 14 маусым күні Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Депутат Унзила Шапақтың айтуынша, бұл төлем тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бірінші мақсатта қаражат тек Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат етіледі. Ал екінші мақсаттағы қаражатты шетелде білім алуға да жұмсауға болады.

"Бұл мақсатта баланың ел ішіндегі оқу орындарымен қатар шетелдік оқу орнында да оқу ақысын төлеуін шектемеу қажет деп пайымдаймыз. Бір сөзбен айтқанда, бұл кәмелетке жаңа толған қазақстандықтардың ересек өмірге қадам басқан кезінде бастапқы капиталды алуға мүмкіндік береді.Тиісінше, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған, жоғалтқан не ауысқан кезде төлемдерге талап қою құқығы да жоғалады".Унзила Шапақ

Оның сөзінше, Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейін барлық жастағы балалар арасында теңдей бөлінеді. Инвестициялық табыстың жекелеген уақыт аралықтарындағы ықтимал теріс мәндерін болдырмау мақсатында оның 18 жылдағы орташа жылдық мәні негізінде (2,6 % мөлшерінде) айқындау жоспарлануда.

18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады. Көрсетілген кезеңде азамат тарапынан талап етілмеген жағдайда шоттағы қаражатты сол адамның зейнетақы шотына аудару ұсынылады.

"Жобаға қатысу үшін қандай да бір мемлекеттік органға жүгінудің қажеті жоқ, есептеулер автоматты түрде жүзеге асырылады, есепке алуды БЖЗҚ жүргізеді. Салық салынатын базадан төлемдерді алып тастау бойынша қажетті нормаларды Салық кодексінде жеке көздеу жоспарланған. Әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша көп жылдық тәжірибені және мемлекеттік дерекқорлармен жедел ықпалдасу мүмкіндігін ескере отырып, жоба операторы ретінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ белгілеу жоспарланып отыр", – деді депутат.

БЖЗҚ:

  • ақпараттық жүйеде нысаналы талаптарға қатысушылардың талаптарын есепке алу;
  • нысаналы жинақтарды алушыларға жинақтау шоттарын ашу;
  • нысаналы жинақтау шотындағы жинақтарды есепке алу;
  • нысаналы жинақтарды төлеу;
  • жеке тұлғалардың дербес деректерін Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен Дербес деректер субъектілерінің келісімінсіз жинау және өңдеу;
  • БЖЗҚ интернет-ресурсы және электрондық үкімет веб-порталының жеке кабинеті арқылы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың сомасы туралы мәліметтерді ұсыну функцияларына ие болады.

Механизмді 2024 жылы іске қосу жоспарлануда. Төлемдерді есептеу алдыңғы 18 жылдағы орташа жылдық мәндерге негізделетінін ескерсек, яғни келесі жылы кәмелеттік жасқа толғандар 160-170 доллар ала алады. Бұл туралы мамыр айының басында депутат Берік Бейсенғалиев мәлім етті. Ол қазір бала неғұрлым кіші болса, соғұрлым көп қаражат жиналатынын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: