Жаңалықтар тізбегі
0

Банкноттарға Ұлттық банк басшысының қолы қайта енгізілмек

Ұлттық банк, банкнот, Ұлттық банк төрағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2023 11:59 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық банк "Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" ҚР президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығына өзгеріс әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта банкноттар дизайнының қосымша элементтері ретінде:

  • сериялық нөмірі және дизайнының бекітілген жылы;
  • банкноттардың дизайны бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының қолы;
  • банкноттарды қолдан жасау үшін жауаптылық туралы жазба банкноттар дизайнының қосымша элементтері болып табылады.

Соғылған жылы монеталар дизайнының қосымша элементі болып саналады.

Құжат түсіндірмесінде бұл жаңалықтар мемлекеттің орталық банкінің шығарылған банкноттардың түпнұсқалығына кепілдік беруді қамтамасыз етуі бойынша функцияны күшейту, сондай-ақ банкноттарды қолдан жасаудан қосымша қорғау мақсатында енгізіліп отырғаны жазылған.

"Бұл практика бірқатар елдерде, атап айтқанда, Еуропалық одақта, сондай-ақ Англияда, АҚШ пен Сингапурда қолданылады", – деп жазылған түсіндірме жазбада.

Құжат 24 шілдеге дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: