Семей қаласының коммуналдық желілерін жөндеуге үкіметтен 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Сурет: Zakon.kz
Семей қаласының коммуналдық инфрақұрылымын жөндеуге ҚР үкіметінің резервінен 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
Үкіметтің хабарлауынша, Семей қаласының жылу желілерінің ұзындығы - 322 шақырым, оның 68%-ы тозған. Кей бөліктердегі жылу желілері 100% тозған (1966 жылы іске қосылған). Өткен жылыту маусымында қала желілерінде 337 апатты жағдай болды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21% артық.
Семей қаласын жылыту маусымында сапалы қызметпен қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жылу желілерінің тозығы жеткен бөліктерін анықтады. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, жөндеуді жүргізуге сараптамадан оң қорытынды алды.
"Үкімет резервінен бөлінген қаржыға Семей қаласындағы желілік сорғыларды ауыстыра отырып, 1-ЖЭО-дан 1, 2, 3, 4 павильондарға дейін 5,8 шақырым магистралдық жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады", - делінген үкімет хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript