Алаяқтар БЖЗҚ атынан бас есепшілерге хабарласа бастаған
Сурет: pxhere
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) телефон алаяқтығының жаңа схемасы пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі – өзін БЖЗҚ қызметкері ретінде таныстырып, қандай да бір компанияның бас бухгалтеріне қоңырау шалып, сол ұйымның қызметкерінің зейнетақы шотының бұғатталғаны туралы хабарлайды.
"Бұғаттан шығару мақсатында бухгалтерлерге алаяқтардың шотына берешек соманың жартысын салуға кеңес береді, әйтпесе компанияға зейнетақы жарналарын уақытылы есептемегені үшін айыппұл салынады деп қорқытады. Осылайша, телефон арқылы сөйлесу барысында алаяқтар өз құрбандарын олардың шоттарына үлкен аударымдар жасауға итермелейді", делінген хабарламада.
Мұндай алаяқтықтың қолына түспес үшін кез-келген ақпаратты БЖЗҚ байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу арқылы тексеріңіз.
Мамандар БЖЗҚ қызметкерлерінің қаражатты белгілі бір шотқа аударуды талап етуге құқығы жоқ екенін еске салады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript