Жаңалықтар тізбегі
0

158 елді мекенді ауызсумен қамту үшін 23,3 миллиард теңге бөлінді

158 елді мекенді ауызсумен қамту үшін 23,3 миллиард теңге бөлінді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2023 13:12 Сурет: Zakon.kz
ҚР парламент мәжілісінің пленарлық отырысында премьер-министр Тамара Дүйсенова Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында қандай шаралар жүзеге асып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенованың сөзінше, кейінгі екі жылға 158 ауылдық елді мекенді сумен жабдықтайтын 34 жобаны іске асыру үшін 23,3 миллиард теңге бөлінді. Жалпы 2025 жылға қарай еліміздің барлық тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Жерді суару кезінде суды үнемдеуге бағытталған кешенді шаралар қолға алынбақ. Атап айтқанда:

  • 3,5 мың шақырымдық суару желісін жаңғырту;
  • 212 каналда суды есепке алу мәселесін цифрландыру;
  • және 15 гидротехникалық құрылысты жаңғырту көзделіп отыр.


"2025 жылға дейін ең әуелі Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарын қосымша сумен қамтамасыз ету үшін жалпы аумағы 1,7 текше метр болатын 9 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр. Екінші кезеңде Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 11 су қоймасын салу көзделген", - деді Тамара Дүйсенова.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: