Жаңалықтар тізбегі
0

9 миллиард қарызы бар қазақстандықтар банкрот деп танылды

9 миллиард қарызы бар қазақстандықтар банкрот деп танылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2023 12:04 Сурет: freepik
31 қазандағы үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда банкрот рәсімін енгізу және жеке тұлғалардың төлем қабілетін қалпына келтіру нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы министрлігінің басшысы ең танымал рәсім – соттан тыс банкроттық екенін айтты.

"Биыл 3 наурыздан бастап 70 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның 80%-дан астамы банкрот рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды. Нәтижесінде бүгінде 9 млрд теңгеден астам борыш сомасына 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды".Ерұлан Жамаубаев

Негізгі себептері: жеке басында мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкессіздік және кредитормен борышты дұрыс реттемеу. Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін соттарға 1 200-ге жуық азамат жүгінген.

Министрдің баяндауынша, жекелеген борышкерлер кейбір заңнамалық кедергілердің салдарынан банкроттық рәсімін кеңінен қолдана алмай отыр (кредитормен қарызды алдын-ала реттеу міндеттілігі, шетелге шығуға тыйым және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі кезінде ұзақ уақытқа төлем мерзімінің өтуіне байланысты).

Осыған байланысты мына нормалар ұсынылады:

1) соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту (сонымен қатар уәкілетті органның лицензияларынан айырылған, оның ішінде таратылған қаржы ұйымдарының міндеттемелерін қосу);

2) азаматтарды соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішке қосымша құжаттар беруден босату (қажетті мәліметтерді тиісті ұйымдардың базаларынан алу жоспарланып отыр);

3) төлем қабілетін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау (қолданыстағы нормаларға сай тыйым жоспарды орындаудың барлық кезеңіне - 5 жылға белгіленген).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: