Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліске мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасы берілді

Мәжіліске мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасы берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2023 19:05 Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрлігі мәжіліске "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заң жобасын енгізді. Ол сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 қарашада Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейлдің мәлімдеуінше, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сапасын арттыру мақсатында заң жобасында бірқатар шаралар енгізу ұсынылды.

"Қазір Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың барлық рәсімі, жоспарлаудан бастап төлемге дейін 100% электрон форматта жүзеге асырылады. Бизнес-процестерді автоматтандыру арқылы мемлекеттік сатып алудың барынша ашықтығы қамтамасыз етіледі. Камералдық бақылау енгізілді, ол тексеру объектісіне бармай-ақ, онлайн-режимде жүзеге асырылады. Сонымен қатар құқық қорғау органдары мен қоғамдық бірлестіктерге толық қолжетімділік қамтамасыз етілді. Дүниежүзілік Банк Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесін әлемдегі ең үздіктердің бірі деп таныды. Global Data Barometr зерттеулеріне сәйкес сатып алудың автоматтандырылуы және ашықтық деңгейі бойынша Қазақстан әлемдегі 109 елдің ішінде 3 орында тұр". ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Заң жобасымен мынадай шаралар ұсынылады.

  • Біріншіден. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін кеңінен пайдалану арқылы өнім берушіні таңдаудың бағаға қатысты емес өлшемшарттарын дамыту. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы көп жағдайда белгілі бір қызметтегі өнім берушінің беделі мен біліктілігіне байланысты. Сатып алу қатысушыларының біліктілігін арттыру үшін сатып алуды тиісті беделі бар өнім берушілер арасында жүзеге асыру ұсынылады. Өнім беруші туралы ақпарат әртүрлі дерек базаларын пайдалана отырып қалыптастырылады. Бұл сатып алудың барлық түрлері бойынша баға мен сапа өлшемшарттарын үйлестіре отырып, өнім берушілерді автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді.
  • Екіншіден. Қоғамдық мониторинг енгізу, әсіресе құрылысқа байланысты жұмыстар бойынша. Тапсырыс беруші тарапынан шарттың тиісінше орындалуын бақылау құрылыс сапасын арттырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, жұмыстарды орындау кестелерін, шарттардың орындалуы бойынша есептерді/ жалпы қолжетімді етіп жариялау, сондай-ақ шарттарды орындау мониторингіне қоғамдық кеңестерді тарту ұсынылады.
  • Үшіншіден. Құрылыс саласында «даяр етіп беретін» шарттарды жасасу мүмкіндігін – EPC келісімшарттарын енгізу, мұнда жобалау және құрылыс жұмыстарын бір өнім беруші орындайды.
  • Төртіншіден. «Орнықты мемлекеттік сатып алуды» енгізу, бұл тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып сатып алуға негізделген.
  • Бесіншіден. Сапалы тауарларды сатып алудға ынталандыру мақсатында өмірлік цикл құнының есептемесін қолдана отырып өткізілетін сатып алуларды одан әрі дамыту. Мұнда өнім берушіні таңдау сатып алынатын тауарлардың бүкіл қызмет ету мерзімінің құны негізінде жүзеге асырылады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: