Кеншілерге жаңа әлеуметтік төлем тағайындалады
Түсіндірме құжатта бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыру жөніндегі тәсілдерді іске асыру екені жазылған.
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауында салалардың дамуына елеулі үлес қосуды және қызметкердің денсаулығына зиян келтіру дәрежесін ескеретін зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдерді енгізу қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде көзделген заңнамалық түзетулер әзірленді. Бүгінгі таңда заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауында.
Осы заң жобасын іске асыру үшін "Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау, төлеуді тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
Жәрдемақыны тағайындауға жүгіну тәртібі
Жәрдемақыларды тағайындауға жүгіну жәрдемақыға құқық туындағаннан кейін:
- Мемлекеттік корпорациясының бөлімшесі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін;
- проактивті қызмет арқылы – проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау кезінде өтініш беру талап етілмейді.
Жәрдемақы алуға құқығы бар адамдар Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жеке басты куәландыратын құжатты ұсынады.
Құжаттарды қабылдайтын маман "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдар мен (немесе) ұйымдардың автоматтық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ):
- "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры АЖ-да – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
- "Е-Қорғаншылық" АЖ-да – қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша;
- ЕШЕБЖ-не – зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкердің еңбек қызметін тоқтату туралы немесе зиянды факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыру туралы анықтау бойынша;
- ТӨҰ ААЖ-да – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыру кезеңін анықтау үшін және ЕШЕБЖ-де мәлімет болмаған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары тоқтатылғаны туралы анықтау бойынша;
- "Е-макет" ААЖ-да – өтініш берушінің жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы тағайындау немесе тағайындауға өтініш беру фактісі туралы мәліметтерді нақтылау үшін;
- ЕДБ-ға – банктык шоты болуы туралы мәліметтерді нақтылау үшін сұрау салуды қалыптастырады.
Жәрдемақы тағайындау құқығы туындаған кезде өтініш берушінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі порталда тіркелген жағдайда проактивті қызмет ұсынылады. Өтініш бланкісінде көзделген міндеттемелер мен шарттарды қабылдау, жәрдемақыны алу мүмкіндігі туралы әлеуетті өтініш берушіге оның ұялы байланыс абоненттік құрылғысының нөміріне хабарлама жіберіледі.
Проактивті қызметті алуға келісімді растау және міндеттемелерді қабылдау үшін әлеуетті өтініш беруші "Е-макет" ААЖ интеграциясы іске асырылған екінші деңгейдегі банктердің ұсынған тізімінен банктік шотты таңдайды және "Е-макет" ААЖ ұсынатын сандардың комбинациясын теру арқылы жауап хабарлама жібереді.
Күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушінің келісімі болмаған жағдайда проактивті қызмет көрсетуден бас тартылады.
Өтініш берушінің проактивті қызмет көрсетуге келісімін алғаннан кейін "Е-макет" ААЖ-ға әлеуметтік төлем тағайындауға азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналында өтінімді автоматты түрде тіркеу жүргізіледі.
Жәрдемақы тағайындау туралы түскен өтініштер, оның ішінде электрондық, өтініштер келіп түскен күні сол жұмыс күні ішінде, ал жұмыс күнінен тыс келіп түскен жағдайда – өтініш келіп түскен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жәрдемақы тағайындауға азаматтардың өтініштерін тіркеудің және есепке алудың электрондық журналында тіркеледі.
Өтініш берушіге ұялы байланыс абоненттік құрылғысына әлеуметтік төлемге өтінімді қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.
"Е-макет" ААЖ-да автоматты түрде ЭІМ және жәрдемақыны тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім жобасы қалыптастырылады, олар жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға түседі.
Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен ЭІМ-ді қарайды және нысан бойынша жәрдемақыны ЭІМ-ге түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде тағайындау (өзгерту, төлемді қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Бас тарту үшін негіздеме анықталғанда, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге жәрдемақы тағайындаудан (төлемді өзгертуден, қалпына келтіруден) бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Жоба 2023 жылғы 14 желтоқсанға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Қабылданған жағдайда Ереже 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.