Жаңалықтар тізбегі
0

2024 жылы Алматының бюджеті қандай болады

Алматы қаласының бюджеті, мәслихат, Ашық НҚА, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 10:58 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы мәслихатының "Алматы қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімі әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы құжат арқылы Алматы қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту ұсынылған.

Кірістер – 1 563 006 305 мың теңге, оның ішінде:

  • салықтық түсімдер – 1 413 046 121 мың теңге;
  • салықтық емес түсімдер – 7 443 742 мың теңге;
  • негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 27 132 869 мың теңге;
  • трансферттер түсімдері – 115 383 573 мың теңге;

шығындар – 1 544 309 620 мың теңге;

2024 жылға арналған республикалық бюджетке бюджеттік алымдардың көлемдері 226 102 075 мың теңге болады деп жоспарланған.

Ал қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыруды 17 299 712 мың теңге сомасында бекіту ұсынылған.

Шығындар: 

  • қорғаныс шығындары – 18 804 399 мың теңге;
  • қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар – 43 827 589 мың теңге;
  • білім беру шығындары – 451 123 328 мың теңге;
  • денсаулық сақтау шығындары – 44 133 552 мың теңге;
  • әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары – 64 826 577 мың теңге;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары – 256 424 116 мың теңге;
  • мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шығындары – 69 344 593 мың теңге;
  • отын-энергетика кешенiне және жер қойнауын пайдалану шығындары – 14 083 829 мың теңге;
  • ауыл шаруашылығы, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың, қоршаған орта мен жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары шығындары – 21 140 297 мың теңге;
  • өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтеріне шығындар –  11 618 567 мың теңге;
  • көлік және коммуникация шығындары – 253 614 791 мың теңге;
  • басқа да шығындар – 64 536 533 мың теңге.

Мәслихат шешімінің жобасы 7 желтоқсанға дейін  талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: