Қоғамдық бассейнде демаламын деп, инфекция жұқтырып алмаңыз - сақтық шаралары
Суды жұтып қоймау
Бассейндегі су хлорланған ғана емес, сонымен қатар балшықпен, косметикамен және дене сұйықтықтарымен өзара әрекеттесу өнімдерін қамтиды. Сондықтан дәрігерлер суды жұтып қоюдан сақтануға шақырады.
Сурет: pixabay
Суға көзді ашып түсуге болмайды
Арнайы құралдарсыз (жүзуге арналған көзілдіріксіз) тереңге жүзу жақсы идея емес. Бұл көзге ауыр салмақ түсіріп, қызаруына алып келуі мүмкін. Келеңсіз жайтқа тап болғыңыз келмесе, қарапайым жүзу көзілдірігін қолданыңыз. Ең бастысы ол бетке тығыз жабысып, судың өтуіне жол бермеуі керек.
Маңызды! Көздегі линзамен суға түсуге болмайды. Ол тек көздің қабынуын арттырады.
Сурет: pixabay
Жеке гигиена ережелері
Шомылғаннан кейін бірден душ қабылдау қажеттілігін бәріміз білеміз. Алайда, сарапшылардың айтуынша, мұны мүмкіндігінше бір рет емес, әр сағат сайын жасаған дұрыс, сондай-ақ мұрынды да жылы сумен шаюды ұмытпау керек.
Сурет: pixabay
Дәрігерлер суға арналған киімді мүмкіндігінше жабық таңдауға кеңес береді.
Бассейнге жиі баратын адамдар үшін резеңке қалпақ та пайдалы.
Басқаларға қамқорлықпен
Өзіңіз инфекция мен зиянды заттарды таратпау үшін, суға түсер алдында денеңізді сабынмен мұқият жуыңыз. Әйел адамдарға косметиканы да жуып тастау ұсынылады.
Балаларыңызды мұқият қадағалаңыз.