Әкімдік көмек сұрап келген әйелді "мешітке бар" деп қуды
Сурет: видеодан кадр
Құдайға қаратқан Қарасай ауданы
Көмек сұрап келген көпбалалы ананы Алматының Қарасай аудандық әкімдігі «Мешіттен жәрдем тіле» деп шығарып салыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік көмекке күні қарап отырған алты баланың анасы ай сайынғы төлем кешіккен соң жалдамалы пәтердің ақысын төлей алмаған. Ал үй иесі ақшаны адамдықтан артық көрсе керек, шұбырған бала-шағасына қарамастан қыстың көзі қырауда оларды далаға қуып шыққан көрінеді.
Мейлі, ол пендешілік болар, ал қолдау сұрап келгендерді құлшылық үйіне қарата қайырған қай басшы?
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript