Өскемен-Семей тас жолы уақытша жабылды
Сурет: pixabay
Департамент мамандары жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді
Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Семей» тас жолының 10-198 шақырымы жабылып, «Омбы-Майқапшағай» тас жолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды zakon.kz.
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 06.30-дан бастап өңір бойынша ауа райының нашарлауына байланысты жол жабылды
Республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тас жолының 10-198 шақырымында (Герасимовка ауылы мен Семей қаласының арасы) автокөліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды. Сондай-ақ республикалық маңыздағы «Омбы-Майқапшағай» тас жолының 756-906 шақырымында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының арасы) тіркемесі бар жүк көліктерінің және автобустардың қозғалысы шектелді.ШҚО төтенше жағдайлар департаменті
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript