Цой Жаңа жылды үйде тойлауға кеңес берді
Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрлігінде де жаңажылдық корпоратив өтпейтін болды
Денсаулық сақтау министрі Жаңа жылды үйде тойлауға кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа жыл – отбасылық мейрам, сондықтан, адам санын шектеген дұрыс. Вирус жоғалған жоқ. Өкінішке қарай, әлі де таралып жатыр, ауру мен өлім-жітім жағдайлары әлі де бар, сондықтан сақтанып, мейрамды отбасыңмен ғана тойлаған жөн.Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой
Алексей Цой ауқымды іс-шаралардың өзін шектеу қажеттігін айтты.
Ауқымды іс-шараларды да шектеген жөн. Нақты талаптар бар, жиналған күннің өзінде вирус жұқтырмау үшін аз адам ғана болғаны дұрыс. Өздеріңіз көріп отырсыздар ғой, күнде мектептер жабылып жатыр. Жалғыз жол - вакцинация. Денсаулық сақтау министрі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript