Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өсті
Өткен күннің статистикасымен салыстырғанда коронавирус жұқтыру бірден 159 жағдайға өсті. Тәулік ішінде ең нашар эпидемиологиялық жағдай Қарағанды облысында тіркелді, екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда 7 желтоқсанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 704 жағдай тіркеліп, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 977 031 жетті.
Соңғы тәулікте:
Нұр-Сұлтан қаласында – 122,
Алматы қаласында – 54,
Шымкент қаласында – 4,
Ақмола облысында – 62,
Ақтөбе облысында – 2,
Алматы облысында – 19,
Атырау облысында – 15,
Шығыс Қазақстан облысында – 33,
Жамбыл облысында – 7,
Батыс Қазақстан облысында – 18,
Қарағанды облысында – 129,
Қостанай облысында – 68,
Қызылорда облысында – 7,
Маңғыстау облысында – 4,
Павлодар облысында – 78,
Солтүстік Қазақстан облысында – 77,
Түркістан облысында – 5.