Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында бензин тапшы, бекеттерде ұзын-сонар кезек пайда болды

Жанар-жағармай бекеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2021 23:53 Сурет: Zakon.kz
Жанармай іздеп сабылған жұртты сабырға шақырған әкімдік екі-үш күнде бар мәселені шешеміз деп уәде берді

Түркістан облысында бензин тапшылығы орын алды. Тіпті мұнда жедел жәрдем көліктерінің өзі жанар-жағармайға жарымай, кезекте тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан қаласындағы бензин тапшылығы жанармай бекеттерінің алдында көліктерді сағаттап қаңтарып қойды. Ал қалың көліктің арасында қаңсып, жанармайға жете алмай қаз-қатар тізілген жедел жәрдем көліктері тұрғындарды жабырқатты. Көліктер емес, адам өмірі кептеліп тұрғандай деп жазды желі қолданушылары, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

92-ні ақшаға сатып жатқан жоқ. Талон дейді, берілмей жатыр. Бір фирма сатып алады да, менің ойымша, ұжымдарға сата ма, әлде басқаға сата ма, сатпай жатыр. Бензиннің бағасын қымбаттатудың амалын жасап жатыр ма, түсінбедім мен.

Екі күн болды, жанар-жағармай бекеттерінде бензин жоқ. Осында келгенмін, тұрғаныма жарты сағат болды.

Артқы жақты да көріп тұрсыз ғой. Ұзағымен бір сағаттарда шығатын шығармыз. Сабыр берсін біздерге.

"Сабыр берсін" деп сарыла күткендер тапшылықтың себебін таппай дал.

Қазір 205, тек қана қымбаттатып жатыр. Енді білмеймін, үкіметтің не істеп жатқандарын. Қарамайды ешқайсысы, ешқандай бензинді реттемейді.

Әкімдіктің берген ақпаратына сүйенсек, 8 желтоқсан күні орта есеппен АИ-92 – 177, ал дизель бағасы – 252 теңге болған. Жыл басымен салыстырғанда бензин 23 пайызға, ал дизель отыны 43 пайызға қымбаттаған. Ал Түркістан облысы әкімдігі тапшылықтың басты себебі бензин жеткізіп отырған Павлодар зауытының уақытша жөндеу жұмыстарының тоқтатылғанымен байланыстырады.

Біздің анықтағанымыз, өкінішке орай, «ПетроКазахстанның» вагондарында бензин жоқ. Және де тікелей жанармай сататын ірі бекеттерге өз компаниялары жеткізіп жатыр. Ал жеке жанармай сататын станцияларға алып келуге жеке кәсіпкерлер қарсы. Өйткені мынау жақын күндерден бері жолдың бәрі ақылы болып кетті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов

Жығылғанға жұдырық, жанармай тапшылығы туындаған тұста кейбір бекеттер бензин мен дизель отынын қымбаттатып жіберген. Бұл бағытта мониторинг тобы бақылау жүргізіп жатыр.

Алыс орналасқан Шардара, Мақтаарал аудандарына да жеткізілетін болады. Мынау қазір сұраныс кезінде жиналудың қажеті жоқ. Шамалы сабыр сақтаса орнына келеді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов

Жанармай іздеп сабылған жұртты сабырға шақырған әкімдік екі-үш күнде бар мәселені шешеміз деп уәде берді.

 

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: