"Анаға тағзым" орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы тойланды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келіп, әлеуметтік және туристік нысандардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жұма, 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге түнгі Тараз қаласын аралап, «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағын, «Көне Тараз», «Тектұрмас» тарихи-этномәдени кешендеріне барды.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің аумағында шолу алаңдары бой көтеріп, Әулие-Атаның 13 метрлік мүсіні, 10 метрлік Лауха (скипетр), қағандардың есімдері жазылған хан шатырлары түріндегі 14 ескерткіш орнатылған.
Кешенге кіре берісте Аңырақай және Атлах шайқастарының суреттері бар үлкен барельефті қабырға орналасқан. Ғажайып архитектуралық шешімдермен сабақтаса отырып, Талас өзенінің бойын жағалай салынған «Көне қамал» келушілерге ерекше әсер сыйлайды.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қонақтар қазақ, өзбек, орыс, дүнген, тәжік, башқұрт ұлт өкілдері әзірлеген ұлттық тағамдарының фестивалін тамашалады. Көпбалалы аналар ұзындығы 30 метр болатын мерекелік дастархан жайып, барлығына ыстық бауырсақтардан ұсынды.
«Асыл әжелер» ансамблінің, Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық Мәдениет үйі әртістерінің өнері көпті сүйсіндірді.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ана мен баланы қолдау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Ел болашағы – бесіктен басталады. Ана мен бала денсаулығын қорғау Мемлекетіміздің стратегиялық дамуының негізгі басым бағыты болып табылады. Көп балалы аналарға жан-жақты қолдау көрсету шаралары жалғаса береді. Қырымбек Көшербаев