Жаңалықтар тізбегі
0

Қасаға! Марапаттау шарасында депутат Бекболат Тілеухан тебіреніп сөйледі

Марапаттау шарасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2021 23:37 Сурет: видеодан алынды
Ақордаға шақырту алғандардың арасында саяси элитаның белді өкілдерінен бөлек,  еңбегі енді ғана елене бастағандар да бар

«Нұрағаң салған нұрлы жолды қасқа жолға ұластырыңыз, Қасаға». Президент қолынан мемлекеттік марапат алған Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан бүгін осылай деп ағынан жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылдағы әдеттен жаңылмай, ұлы мейрам қарсаңында ел дамуына елеулі үлес қосқандар Ақордаға шақырылып, жоғары наградалармен марапатталды. Олардың ішінде Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан да бар, делінген "Еуразия" бірінші арнасының арнайы сюжетінде.

Бүгін өздеріңізді марапаттай отырып, Қазақстанды көркейтуге үлес қосқан барлық азаматқа зор ризашылығымды білдіремін. Сіздер нағыз отаншылдықтың, адал еңбектің озық үлгісін көрсеттіңіздер. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Алғашқылардың бірі болып ел ішінде Әкім Тарази атымен танымал, жазушы Әкім Әшімов марапатталды. Ондаған  повесть пен романдардың авторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, енді «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері. «Еңбек ері» атағымен де,  «Отан» орденімен де үш адамнан марапатталды.  «Барыс» орденін алғандар да  аз болмады.  Дариға Назарбаева бастап, Ерлан Тұрғымбаев қостап,  ағынан жарылған Бекболат Тілеухан алғыс сөзімен жалғады.

Нұрағаң салған нұрлы жолмен бастай беріңіз, соны қасқа жолға ұластырыңыз. Ерте білу сізге серт, ере білу бізге серт. Елбасы іргесін қалап, қабырғасын тұрғызған мемлекеттің өрнегін айшықтап, бау-бақшасын жайнатып, қақпасын қатайтып жатырсыз, Қасаға!ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан

Ақордаға шақырту алғандардың арасында саяси элитаның белді өкілдерінен бөлек,  еңбегі енді ғана елене бастағандар да бар. Отандық вакцинаны өндірген ғылыми институттың  жетекшісі де жоғары марапатқа ие болды.

Ол сыйлықты ең жоғары дәрежелі ғалымдар алып отыр. Дегенмен де осы жұмысқа биологиялық қауіпсіздік проблемаларды ғылыми зерттеу институтының бүкіл ұжымы қатысқан. Ол 200-ден астам ғалымдар мен қызметкерлер. Осы соңғы екі жылы бізде ұйқы, күлкі жоқ. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья

Әлбетте,  кеудесінде орден жарқырап, жүздері бал-бұл жайнаған әр тұлғаның артында қанша  еңбек, қанша маңдай тер жатыр десеңізші.  Жылда ұлы мейрам қарсаңында өтетін салтанатты марапаттау шарасы бас-аяғы бір жарым сағатқа жалғасты. Өзгеден оқ бойы озған 64 адамға мемлекеттік награда табысталды.

Алдымызда тұрған мақсаттар, міндеттер – өте ауқымды, күрделі. Сондықтан бір ел болып, бір қоғам болып, бір ұжым болып, халқымыз үшін қызмет ете берейік. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: