Бүгін – Тәуелсіздік күні
Сурет: akorda.kz
Бүгін Қазақстан қастерлі де қасиетті мереке – Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр, биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды, деп хабарлайды Zakon.kz
1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылдады.
30 жылда Қазақстан халқының саны 19 миллионнан асты. Экономиканы өркендету үшін ауқымды реформалар қолға алынды. Жеке кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасалды.
Қазақстан беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Елдің стратегиялық даму бағдары айқындалды. Елордамыз Есілдің бойына көшірілді.
Төл теңгеміз айналымға қосылды. Айбынды Армиямыз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Ана тілімізге мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Ата дініміз оралып, салт-дәстүріміз жаңғыртылды.
Тарихи уақыт өлшемімен қарағанда 30 жыл деген – қас-қағым сәт. Ал өткен оқиғалар тұрғысынан бағаласақ, ғасырларға татитын мерзім. Қазақстан халқы үшін бұл – азаттық жылнамасының тұтас дәуірі. Жарқын болашағымызға жол салған ұлы жетістіктер кезеңі.Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript