Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жол қозғалысы тәртібіне өзгеріс енгізіледі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
19 желтоқсанда Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы құрылыс жұмыстары аяқталып, жол ашылады. Соған байланысты Немирович-Данченко көшесі бойымен Рысқұлов даңғылын кесіп өтуге тыйым салынады, деп хабарлайды Zakon.kz
Енді бұл жолдағылар Күдерин көшесіне бұрылып, содан соң Емцов көшесіне шыға алады, делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Сондай-ақ, шығысқа қарайғы бағытта Рысқұлов даңғылымен Емцов көшесінің алдында бұрылуға тыйым салынады.
Сонымен қатар, Абай даңғылының ашылуына байланысты Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысындағы жол тәртібі қайта қаралатынын хабарлаймыз. Сонымен, батысқа қарай қозғалыс кезінде орталық жолақтар бойымен қозғалыс тек тікке бағыт алатын болады, ал шеткі жолақтарда қозғалыс, сәйкесінше солға және оңға кететін болады. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript