Жаңалықтар тізбегі
0

Тараз Тәуелсіздік жылдарында толағай табысқа жетті

Тараз қаласы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2021 14:00 Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгінде Тараз шаһарының кәсіпорындары облыстағы өнеркәсіптің шамамен 60 пайызын қамтиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Егемендік жылдары Тараз қаласының еңсесі тіктеліп, барлық салада өрлеу мен өркендеуге жол ашылды.

Бүгінде шаһар кәсіпорындары облыстағы өнеркәсіптің шамамен 60 пайызын қамтиды. Олардың негізгі әлеуеті –  өңдеу өнеркәсібі мен электр энергиясын өндіру болып табылады. Бұлардың ішіндегі ең ірілері ретінде«Қазфосфат» ЖШС,  «ЖГРЭС» акционерлік қоғамы, Тараз металлургия зауыты, Қант зауыты және «Имсталькон» АҚ ЖЗМК-ті атауға болады.

Сондай-ақ шаһарда сары фосфор, минералды тыңайтқыштар, натрий триполифосфаты, электр энергиясы, қант, құрылыс, металл материалдар мен конструкциялар,ферросиликомарганец және тағы басқаларөндіріледі.

 

Өнеркәсіп өркендеп келеді

 1991 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 22,5 млн.теңгеден 288,8 млрд. теңгеге дейін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 17,5 млн. теңгеден 228,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Тәуелсіздік жылдарында, атап айтсақ 1997 жылдан бастап облыста «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Сәуле» кондитерлік фабрикасы сияқты  жаңа ірі және орта өнеркәсіп орындары жұмысын бастады. Мұндай нысандардың бой көтергені облыс экономикасы үшін маңызды қадам болғаны даусыз. Сонымен қатар экономиканы әртараптандыру және шикізатқа тәуелділіктен арылу мақсатында 2010 жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ал индустрияландыру жылдары кезінде (2010-2020 жж.) облыста 75,0 млрд. теңгеге (3,4 мың тұрақты жұмыс орны) 27 жоба іске асырылды.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 1 жоба іске қосылды. Ол – «TarazPlastic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Полипропилен шпагатын өндіру желісі» жобасы. Жобаның сомасы 200 млн.теңгені құрады.  Жобалық қуаттылығы 1 мың тонна. Соған орай   20 жаңа жұмыс орны ашылды.

Индустрияландыру картасының іске асырылған жобалары экспортқа бағдарланған, бұрын шығарылмаған 10 жаңа өнім түрлерінің өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Экспорт көлемі 300000 АҚШ долларынан 1000000 АҚШ долларына дейін ұлғайды. Оның ішінде шикізаттық емес экспорт көлемі 200000 АҚШ долларынан 500000 АҚШ долларына дейін жетті.

Облыста жалпы 92 294,9 мың теңге қаражатқа 13 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылуда. Осының шеңберіндегі пайдалануға берілген 13 нысан білім беру саласына тиесілі.

Инвестицияландыру қарқын алуда

Соңғы 20 жылда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 10,5 есеге  өсіп,  132653,8 млрд. теңгені құрады. Сондай-ақ, 71664,6 миллион теңге  қаражат тікелей шетелдік инвестициялардан тартылды.

Агроөнеркәсіптік кешен ілгерілеуде

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін агроөнеркәсіптік кешен өңір экономикасының ажырамас бөлігі болып табылады.

1991 жылдан бастап ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 16,3 есе – 11,7 млрд.теңгеге дейін ұлғайды.

Бүгінгі күні Тараз қаласында өсімдік шаруашылығымен айналысатын 62 шаруа қожалығы тіркелген.

Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігі мен өнімділігін арттыру мақсатында тәуелсіздік жылдары «Рамазан» шаруашылық қожалығы 1,07 га жерге жылыжайдың құрылысына өз қаражаты есебінен 30 млн. теңге бөліп, қосымша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан (ӘКК) 30 млн. теңге қаржылай көмек алды. Сонымен қатар тамшылатып суару технологиясын енгізді.

Аталған шаруақожалығының жетекшісі 5 адамды тұрақты жұмыспен және 8 адамды маусымдық жұмыспен қамтамасыз етуде.

2017 жылдың 1 желтоқсанында Тараз қаласында «GOOD LOOK» құрама жем өңдеу зауыты ашылды. Аталған жобаның жалпы құны 1 млрд.126,9 млн. теңгені құрайды. Жылдық қуаты – 36 мың тонна. Құрылған жұмыс орындарының саны – 237.

Сондай-ақ, «GOOD LOOK»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 жылы өнім өндіру қуатын 11 пайызға арттырып, қосымша бір элеваторды іске қосты. Осыған орай  аталған зауыт 1 млрд.560 млн. теңгеге дейін өнім өндіруді жоспарлап отыр.

«Көкжиек – 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша жаңа үлгідегі италиялық цехті іске қосты. Қазіргі уақытта өнім өндіру көлемі 3650 тоннаға немесе 15 пайызға яғни 1 млрд. 350 млн. теңгеге артты. Қосымша 30 жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар, кондитерлік өнімдерін өндіру бойынша «Джанабекова С.С.» жеке кәсіпкерлігі 2019 жылдың алғашқы тоқсанында жылдық қуаттылығы 4500 тоннаны құрайтын кондитер фабрикасын ашты. Жобаның құны  850 млн. теңгеге жетіп,  жаңа 70 жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

 

Кәсіпкерлікке кең өріс

Қала экономикасының дамуында маңызды рөл атқаратын – шағын және орта бизнес екені белгілі.

2017-2021 жылдар аралығында шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 102,1%–ға (23,7 – ден 24,2 мың бірлікке дейін), осы салада жұмыспен қамтылғандар саны-105,5%-ға (51,2-ден 54,0 мың адамға дейін), өнім шығару көлемі-1,5 есе (193,0-ден 297,1 млрд.теңгеге дейін) өсті.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мақсаты – бизнесті дамытуға ықпал ету, кәсіпкерлікті дамытуда ақша ресурстарының қол жетімділігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің қажеттілігін қанағаттандыратын нормативтік кедергілер мен құқықтарды азайту болып табылады. 

2.7 миллион шаршы метр тұрғын үй бой көтерді

 Бүгінде өңір құрылыс қарқынын бастан кешіп, тарихта алғаш рет жылына 250 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынуда. Ал 30 жыл ішінде 2,7 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй бой көтерді.

Өңірдің жоғары көліктік-логистикалық әлеуеті бар.

Жалпы көліктік-пайдалану учаскелердің жағдайы едәуір жақсарды. Бүгінгі күні жалпы ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісінің ұзындығы-1831,3 км, 1991 жылы бұл көрсеткіш 1281,9 км құрады.

Тәуелсіздік жылдарында 117,5 км автомобиль жолы салынып, 469,3 км жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ұзындығы 0,4 км-ге жететін  1 көпірдің құрылысы аяқталды. Аталған көпір теміржол арқылы шаһар тұрғындарын қала маңында орналасқан «Шалғай Қарасу», «Бесағаш» сынды алқаптарды байланыстыруда.

Жолдарды қайта жөндеу жұмыстарына пайдаланатын материалдардың 90 пайыздан  астамы қазақстандық кәсіпорындарда өндірілген. Қаладағы жолдардың 60 пайызының сапасы қанағаттанарлық жағдайда.

Тараз қаласында сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесі де оңтайлы шешілуде.  Сонымен қатар облыс тұрғындарын газбен қамтамасыз етілуі 1991 жылы 70 пайызды құраса, қазіргі уақытты 92 пайызға жетіп отыр. Осы көрсеткіштің нәтижесінде Тараз қаласы республикада үздіктердің қатарына енді.

 

Көрсеткіштер көңіл қуантады

 Әлеуметтік саладағы көрсеткіштер де  айтарлықтай жақсарды.

Тәуелсіздік жылдары ең төменгі күнкөріс деңгейі 7336 теңгеден 36838 теңгеге дейін 5 есеге  артты.  Жұмыссыздар саны 4 еседен астам қысқарды.

Жұмыссыздық деңгейі 21,1 пайыздан  5,6 пайызға  төмендеді. Сондай-ақ жұмыспен қамтылған халық саны 160,7 мың адамға немесе 21 пайызға  өскен.

Тәуелсіздік жылдары орташа айлық жалақы 1998 жылғы 9 113,0 теңгеден 2021 жылғы 198 135,0 теңгеге дейін (1992 жылға дейін рубльмен) 21,7 есе өсті.

Сонымен қатар 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 4 есеге артты.

Тәуелсіздік жылдары 17 мектеп салынды, 11851 мектеп орны қамтамасыз етілді.

Балабақшалар саны 30-ға, шағын орталықтар саны 22-ге артты.

Қазақ  мектептері 50 пайызға  дейін  ұлғайды.

Тәуелсіздік жылдары педагогтардың 100 пайызы компьютерлік сауаттылық курсынан өтіп, пайдалану дағдыларын меңгерген.

Жаңа модификациядағы компьютерлер мен кабинеттер саны айтарлықтай өсті.

Қаланың барлық мектептері жаңартылған білім беру мазмұнына көшірілді

Тараз қаласы бойынша 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 7 денсаулық сақтау нысаны салынған: облыстық қан орталығы, облыстық перинаталдық орталық, облыстық балалар ауруханасы, қалалық балалар ауруханасы, №1 қалалық аурухана, №5 қалалық емхана, онкологиялық диспансер.

Бұдан басқа, 1 спорт сарайы, 8 мұражай, «Достық үйі», 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 4 бассейн, 5 жаңа мәдениет нысаны және 221 түрлі спорт нысаны салынып, халыққа қызмет көрсетуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: