Жаңалықтар тізбегі
0

Құрылыс материалдарының қымбаттауына не себеп

Құрылыс материалдары, қымбатшылық, құрылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2021 13:42 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Құрылыс материалдарының қымбаттауына импортқа тәуелділік себеп болып тұр. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі

Серік Жұманғарин жыл басынан бері Қазақстанда құрылыс материалдарының қымбаттап кеткенін мойындады әрі бұған импорттық материал бағасы әсер ететінін алға тартты.

Біз импортқа тәуелдіміз. Біз бұл мәселені қолға алған кезеңде қазақстандық құрылыс материалдарының бағасы айтарлықтай төмендейді. Бізде импорттық материалдарға ықпал етуге еш мүмкіндік жоқ. Серік Жұманғарин

Сонымен бірге ол тұрғын үй бағасын реттеу үшін еліміздің ірі құрылыс компанияларымен сәйкестік-шартына қол қойылғанын айтты.

Біз нақты тұрғын үй кешендері бойынша келісімшарттарға қол қойдық, құрылыс салушы оның бағасын «құлатты», біз жағдайды бақылап отырмыз. Жаңа тұрғын үй кешенін салу кезінде баспананың бағасы ондағы жағдайға байланысты болады. «Нарықтағы баға осы болуы керек» деп айта алмаймыз. Әрбір тұрғын үй кешені бірегей, әр аймақтың өзіндік тәсілдері бар. Серік Жұманғарин

Жалпы, оның мәліметінше, өңірлер бойынша пәтер бағасының құбылмалылығы байқалады: ең арзан пәтерлер Тараз бен Ақтөбеде болса, ең қымбаты Алматы мен Нұр-Сұлтанда.

Бұл құрылыс салушыларға, сол жерде кезінде қалыптасқан бағаға байланысты. Біз нарықты талдау жұмысын жүргізіп жатырмыз. Сондықтан бағаға қатысты сұрақ бізге қойылмауы керек. Құрылыстың өзіндік құны жоғары болғандықтан, баға да қымбат.Серік Жұманғарин
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: