Жаңалықтар тізбегі
0

Тойында табағына миллиондап ақша түскен күйеу жігіт жерлестерінен қашып жүр

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2021 22:35 Сурет: видеодан алынды
Беташарға миллиондар шашып, желідегі жұрттың қатал сынына ұшыраған тойшыл ағайынның аты-жөні анықталды. Сәлеміне 55 миллион теңге жинаған бақытты қалыңдық Түркістан облысы Түлкібас ауданына келін болып түскен екен, деп хабарлайды Zakon.kz

Беташары хит болған қалыңдық Түркістан облысы Түлкібас ауданы Кемербастау ауылындағы қарапайым әулеттердің біріне келін болып түскен екен.  Күйеуі – 94 жылғы Серік есімді жігіт. Ауылдағы жұрттың кішісінен бастап, үлкеніне дейін оны жақсы таниды. Бірақ жақсы қырынан емес, делінеді "Еуразия " бірінші арнасының арнайы сюжетінде.

Біздің ауылдың баласы, осы ауылда тұрады. Өзінің кластастарын, жақындарын бәрін тартқан. Үйге қайта-қайта келіп, түсіндіріп, 880 мың теңге саласыздар, содан кейін әр аптада 225 доллардан алып отырасыздар әр вторник сайын. Адам тартқан сайын ақша түсе береді сіздерге деп. Кемербастау ауылының тұрғыны Жанна

Иә,  күйеу жігіт қаржылық пирамиданың өкілі болып шықты. Жерлестеріне  жақсы өмірді жарнамалап, айлығы 50 мыңнан артылмайтын халықты  миллиондап қарызға батырған ауылдың тырнақшаның ішіндегі батыры бұл.

Мен кірдім, енем кірді, күйеуім кірді, менің әпкем кірді. Біз сол 4 адамға 4 млн кредит алып, кірдік соған. Алты бала-шағамыз бар,  күйеуім вахтада істейді, сол вахтаны қоясыз, күшті ақша табасыз деген сөзіне қызығып,  сиқыршы сияқты айтады ғой адамды қызықтырып. Кемербастау ауылының тұрғыны Жанна

Сөйтіп, ауылдағы жүздеген адамды арбауына түсіріп, алдаған дейді ауылдастары. Сөздің рас-өтірігін білмедік, бірақ жерлестері тойға келіп, беташарға миллиондап көсілген қонақтары бұл ақшаны адал еңбекпен тапқандарына күмәнмен қарап отыр.

Әрине, күйеу жігітті даттаудан да, жақтаудан да аулақпыз. Бірақ бір нәрсе анық. Қайда барсаңыз да жеңіл ақша жоқ. Еңбексіз, қаржыңызды еселеп береміз дегендердің әр сөзі жалған.  Заңгер Жандос Тұяқов

Ал ауылдастарын алдап, қаржылық пирамидаға тартқан шулы тойдың күйеу жігіті қазір жерлестерінен қашып жүргенге ұқсайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: