Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанның бас шыршасының шамы жағылды

Облыс әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2021 21:29 Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында бас шыршаның шамы жағылды, деп хабарлайды Zakon.kz

18 метрлік шырша 500-дей ойыншық пен жарықшаммен көркемделіп, ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен көмкерілген. Балаларға шаттық сыйлаған мерекелік іс-шарада Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бас шыршаның шамын жағып, бүлдіршіндердің қуанышымен бөлісті.

Сыйлықтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2021 21:29

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әсем ән шырқалып, бұраң бел би биленген әдемі кеште түрлі ертегі кейіпкерлері мен аяз аталар және қаршақыздар көпшілікке, әсіресе балақайларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірге биледі.

Ресми шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2021 21:29

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Талантты әнші Айзада Әлімбек «Жаңа жыл» әнін шырқап, балалардың ән тобы да өнер көрсетіп, мерекені әсем әнмен өрнектеді. Кеш көпшілікті балалық шаққа жетелеп, әдемі әсер сыйлады.

Салтанатты шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2021 21:29

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Балақайларға сыйлықтар таратылып, түркістандықтар мен қала қонақтары шыршаның жанында суретке түсті. Шырша демеушілер есебінен орнатылған.

Жаңажылдық шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2021 21:29

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ Түркістандағы мәдени-рухани орталық пен «Жеңіс» саябағында да шырша орнатылып, олар көз тартатын әсем ойыншықтармен безендірілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: