Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 5 қаңтардан бастап «омикрон» штаммға байланысты шектеулер енгізіледі

"Омикрон" штамм, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2021 19:18 Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен биылғы жылы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ВАК-тың қорытынды отырысы өтті.

Отырыс барысында елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты, бірақ «омикрон» штамм бір ай ішінде әлемнің 110 елінде анықталғаны баса айтылды. ДДСҰ мәліметтері бойынша, оның адамнан адамға берілу жылдамдығы "дельта" нұсқасынан бес есе жоғары.

Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігінің қосымша шаралар қабылдау жөніндегі ұсынысы мақұлданды. Атап айтқанда, 5 қаңтардан бастап СОО-ға, сауда үйлері мен караокеге "жасыл" мәртебесі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат етілсін. COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК

ВАК атап өткендей, Қазақстан аумағында "омикрон" штамм анықталып, эпидахуал нашарлаған жағдайда банктерге, Қазпошта бөлімшелеріне, ХҚКО-ларға, спорттық-сауықтыру орталықтарына, СПА-ға, бассейндерге және тағы басқасына да қатысты осындай шаралар қабылданатын болады.

Пессимистік сценарийдің өрбуі барысында ведомствоаралық комиссия ҚР ЦДИАӨМ мен "Атамекен" ҰКП-ға "Қазпочта" АҚ-пен, екінші деңгейлі банктермен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, "жасыл" мәртебеге ие емес адамдарға, оның ішінде онлайн-қызмет көрсету немесе үйіне барып қызмет көрсету сынды қызмет көрсету тетіктерін пысықтауды тапсырды.

Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық ахуалдың қалай өрбитіні халықтың вакцинамен және қайтара вакциналаумен (ревакцинациямен) қамтылуына тікелей байланысты болатынын атап өтті.

Статистикаға сәйкес, қайтара вакциналаумен қамту деңгейі бойынша мына өңірлер көрсеткіштер бойынша артта қалып отыр: Нұр-Сұлтан қаласы (17,2%), Алматы (28,7%), Шымкент (22,9%), Алматы облысы (29,2%), Атырау облысы (23,9%), Маңғыстау облысы (31,1%) және Түркістан (24,8%) облысы орташа республикалық мәннен 34,1% төмен.

Осыған байланысты өңірдегі әкімдіктерге Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, вице-премьер осы бағыттағы жұмысты, оның ішінде олимпиадалық делегация мүшелерін вакциналау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ мақсатты топтарды Pfizer препаратымен иммундау да тапсырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: