Алматыда «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы» метро станциялары техникалық іске қосылды
Жаңа станциялар Алматы метрополитенінің екінші іске қосу кешенінің нысандары, оның дайындығы қазіргі кезде 96%-дан асады.
Жол Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейінгі батыс бағытта орналасқан. Аралық тоннельдерден және «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы» екі станциядан тұрады. Желі учаскесінің ұзындығы – 3.08 км.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
Жүріс және контактілік рельстерін төсеу бойынша жұмыстар аяқталды, екі станцияның да инженерлік желілері бойынша жұмыстар аяқталуда. Екі станцияда да станциялар атауының стилін ашатын көркем панно жасалды.«Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның бас директоры Жәнібек Етекбаев
«Сарыарқа» станциясы «Фэмили» паркінің ауданында орналасқан, терең төселген, пилон типті, қозғалысы шектеулі топтары үшін 2 лифті, 8 экскалаторы бар екі кіру тобынан тұрады.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
«Б.Момышұлы» станциясы Абай даңғылының астында, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Шағын құрылыс станциясы, колонна типті. Ол екі жерасты лоббиінен және алты кіру тобынан тұрады. 6 лифт және 15 эскалатор қарастырылған.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
Бүгінде негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды және іске қосу-жөндеу жұмыстары басталды, сәулет-әрлеу жұмыстары, инженерлік желілер, автоматика жүйелері және пайдалану жабдығын монтаждау аяқталу сатысында.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
Метрополитен жолаушыларына жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау үшін қолданыстағы метрополитенмен автоматика жабдықтары мен жүйелерін біріктіруді, сондай-ақ электр жылжымалы құраммен жолдар бойынша домалатуды қамтитын іске қосу-жөндеу жұмыстары қарастырылған.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
Бұл станциялар қаланың халық тығыз орналасқан аудандарында орналасқан, пайдалануға беру кезінде күтілетін жолаушылар ағыны күніне 40 мың адамнан 86 мың адамға дейін артады, бұл жалпы қаланың көше-жол желісі мен көлік инфрақұрылымының жүктемесін бірнеше есе азайтады.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
Еске салсақ, бұған дейін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Тұңғыш Президент күні мен Алматы метрополитенінің 10 жылдығына орай 8 жаңа электр жылжымалы құрам пайдалануға берілген болатын. Оларды оңтүстік кореялық Hyundai Rotem компаниясы Алматы метрополитені үшін арнайы өндірген. Бүгінде метрополитенде 15 пойыз жұмыс істейді.