Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 5 қаңтардан бастап жаңа шектеулер енгізіледі

Коронавирус, шектеу шаралары, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2021 14:55 Сурет: Zakon.kz
Covid-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап қосымша шаралар шеңберінде жекелеген объектілердің қызметіне енгізілетін жаңа шектеулер күшіне енеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК таратқан мәлімет бойынша, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен жұмыс және демалыс күндерінде сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне (азық-түлік емес), сауда желілеріне (сауда алаңы 6000 шаршы метрден астам), караокеге кіруге жұмыс режимі шектелмей, қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз "жасыл" мәртебе (вакцинация, сынама алынған сәттен бастап 7 күннен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдар) болған жағдайда рұқсат етіледі.

Қабылданған шаралар коронавирустың "омикрон" түрінің таралу және жұғу жылдамдығына негізделген, ол қазірдің өзінде әлемнің 110 елінде анықталды.

Осыған байланысты қабылданып отырған шаралар эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға, аурулар санының өсу қаупін азайтуға, неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеуге бағытталған.

Коронавирустың "омикрон" штамының жұқпалылығы "дельта" нұсқасына қарағанда 5 есе жоғары екенін есте сақтау керек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, ауру бірнеше айдың ішінде бүкіл әлемге таралуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: