Ауыр халдегі жаңа туған нәресте ауылдан Өскеменге тікұшақпен шұғыл жеткізілді
Сурет: pixabay
Тікұшақтың көкке көтерілуіне қатты аяз қиындық туғызды. Соған қарамастан "Қазәуеқұтқару" ұшқыштары мен ҰШМҮО дәрігерлері сәбиді Өскемендегі Ана мен бала орталығына аман-есен жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz
"Қазәуеқұтқару" мекемесіне Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан 2 қаңтарда шақырту келіп түсті.
Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы ауыр халдегі жаңа туған нәрестені шұғыл тасымалдау қажет болды.
Шақырту бойынша Ми-8 тікұшағы дереу көкке көтерілді. Бортта командир Ағламбеков Руслан, Кенжеғалиев Мәжит сияқты тәжірибелі ұшқыштар, Қазақпаев Әуелбек, Жұмабаев Пердебек, Бекжанов Сәкен сынды авиациялық қызметкерлер, сондай-ақ ҰШМҮО дәрігерлері, облыстың бас неонатологы Қуанышпаев Асхат және фельдшер Асаубаев Бек болды.
Құтқарушылар баланы ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылынан Өскеменге шұғыл жеткізді. Қазіргі уақытта жаңа туған шақалақ Ана мен бала орталығы дәрігерлерінің бақылауында."Қазәуеқұтқару" мекемесінің баспасөз хатшысы Алмаз Ғабдуллин
Тікұшақтың көкке көтерілуіне қатты аяз қиындық туғызды. Үйлесімді іс-қимылдардың арқасында құтқару операциясы сәтті өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript