Төтеншеліктер қыста қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
Егер қатты боран, бұрқасын болса, жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал. Егер қандай да бір елді мекенге шұғыл баруыңыз керек болса, діттеген жеріңізге кедергісіз жету үшін теміржол көлігін пайдалануға кеңес береміз.ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
Төтеншеліктер қарапайым кеңестер боранда және бораннан кейін аман қалуға көп септігін тигізетінін мәлімдеді.
Қыста жолға шығар алдында:
1. Мұқият ауа райы болжамын зерделеңіз;
2. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз.
Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Не болмаса бірыңғай телефон нөмірі 1403 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.
«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет.
ҚР ТЖМ шұғыл қызметтер автомобильдерді лектік ілесіп жүруге шешім қабылдаған жағдайда мынандай нұсқауға құлақ түру қажеттігін жеткізді:
жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;
ілесіп жүретін шұғыл қызмет белгілеген жылдамдық режимін сақтаңыз;
өткізу пунктінен шыққан автомобильдің артынан ілесіңіз және оны басып озбаңыз;
алдында келе жатқан автомобильдің арасындағы қашықтықты сақтаңыз;
алдында кетіп бара жатқан автомобильдерді басып озуға болмайды;
айналаңдағы қозғалысқа үлкен мән беріңіз.
5 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
5 қаңтарда Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с жел күтіледі. Ақтау қ.: 05 қаңтарда түнде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
5 қаңтарда Павлодар облысында жолдарда көктайғақ, түнде облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар қ.: 05 қаңтарда жолдарда көктайғақ күтіледі.
5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 05 қаңтар түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
5 қаңтарда түнде және таңертең Түркістан облысының басым бөлігінде тұман күтіледі. Шымкент қ.: 5 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 5 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз 5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.
5 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с.
5 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағанды қ.: түнде 5 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі.