Маңғыстау облысында сұйытылған газдың бағасы арзандайтын болды
Сурет: primeminister.kz
Үкіметтік комиссия Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлағандай, Ақтау қаласының бастамашыл тобымен келіссөздер барысында қабылданған шешімдер жарияланды.
Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Маңғыстау облысында сұйытылған газ құнын төмендету және литріне 50 теңге бағасын белгілеу туралы айтылды.
Сурет: primeminister.kz
Сонымен қатар тараптар туындаған барлық мәселелерді сындарлы диалог аясында және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге келісті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript