Жаңалықтар тізбегі
0

Сауда министрлігі әлеуметтік желіде таралған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді

Жалған ақпарат, әлеуметтік желі, Сауда және интеграция министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2022 17:46 Сурет: pixabay
Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың шекті мәндерінің бірыңғай тізілімі туралы таратылған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазіргі уақытта желілерде бүкіл Қазақстан үшін 2022 жылдың 1, 2, 3-тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың шекті мәндерінің бірыңғай тізілімі туралы ақпарат таралып жатыр. Осыған орай ҚР Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеме жасады.

Ақпаратта мынадай үндеулер бар: "Кез келген дүкенге кіріңіздер, бағасы бір теңгеге жоғары болса, әкімдікке қоңырау шалыңыз және дүкенді дереу жабады. Санэпидемстанция, монополияға қарсы, статистика келіп, дүкенді бірден жабады. Сатушылардан осы бағаларды талап етіңіз".

          

Сауда және интеграция министрлігі таратылған ақпарат жалған екенін хабарлайды!

Министрліктің хабарлауынша, шекті бағаларды әрбір өңір үшін жергілікті атқарушы органдар жеке белгілейді және олар елдің басқа өңірлерінде қолданылмайды.

           Ақпараттық хабарламада көрсетілген бағаларды Алматы облысының әкімдігі өңір бойынша ӘМАТ бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінің деңгейін жария талқылау үшін ашық көздерде орналастырды.

 Шекті мәндер бағалардың ауытқуын мониторингілеу және бақылау үшін бекітілгенін және ӘМАТ-қа нарықтық бағалардың жай-күйін бағалаудың бағдары ретінде қызмет ететінін атап өткен жөн.

 Шекті мәннен асқан кезде шекті бөлшек сауда бағалары енгізіледі, оларды сақтамау әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

 

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: