Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтілді
Құжатқа сәйкес, Нұр-Cұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:
Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін Ashyq мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды пайдалану қажет (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформаларындағы балама қосымшаны, www.ashyq.kz сайтын);
қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қала тұрғындары арасында вакциналау және ревакциналау жұмыстарын жүргізуді жандандыру ұсынылады.
Қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.