Жаңалықтар тізбегі
0

Үшеуден артық жиналуға болмайды. Атырау облысында карантин шаралары күшейтілді

Жаңа қаулы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2022 20:48 Сурет: Zakon.kz
Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мәдениет Танауов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Атырау облысының тұрғындарына:

1) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмектің 103 номеріне қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну;

2) қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды коспағанда, қоғамдық орындарда, тұрғындардың баруына және демалуына, қызмет көрсетуге арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті;

3) 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қажетті тауарларды сатып алуды, сондай-ақ медициналық мекемелерге баруды  қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі;

4) барлық облыс тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде кию тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс беріледі;

5) облыс халқының алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, саябақтарда және өзге де демалыс орындарында бір отбасы мүшелерін қоспағанда,   3 адамнан астам топ болып адамдардың жиналуына тыйым салынсын;

6) ойын-сауық, салтанатты, еске алу, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларға және «Ashyq» жобасына қатысушыларды есептемегенде, адамдар көп жиналатын іс-шараларға тыйым салынсын;

7) барлық шетелден келген азаматтарда вакцинациялау статусына қарамастан, анықтама берілген күнінен бастап, 72 сағаттан ерте емес ПТР тестілеудің теріс нәтижесі болуы міндетті.

Сондай-ақ, вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің кіріп-шығуына (келуіне) қойылатын талаптарды сақтай отырып, "Теңізде" карантин және шектеу іс-шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап заңды күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: