Оттавада жүк көлік жүргізушілерінің наразылығына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Оттава қаласының ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, Оттава қаласының билігі шаһарда төтенше жағдай жариялады. Оған себеп жүк көлік жүргізушілерінің АҚШ-пен шекараны кесіп өткен жүргізушілерінен вакцинация төлқұжаттарын талап етуге қарсы наразылық акциясын өткізді.
«Төтенше жағдайдың жариялануы жалғасып жатқан демонстрациялардан қала тұрғындарының қауіпсіздігіне қатер төндіретінін көрсетеді. Және басқа юрисдикциялар мен үкімет қолдауының қажеттілігін анықтайды». Оттава мэрі Джим Уотсон.
Бұған дейін қала мэрі Уотсон мен полиция наразылықтарға байланысты жағдайды бұдан былай бақылай алмайтынын айтты. Полиция басшысы Питер Слоли демонстрацияны тоқтату үшін қызметкерлердің жеткіліксіздігін мойындады.
Сенбі, 5 ақпанда наразылық білдірушілер саны бес мың адамға жетті. Акцияға жергілікті тұрғындар мен басқа қалалардан келген канадалықтар да қосылды.
Наразылық білдірушілер пандемияға байланысты барлық шектеулерді алып тастауды талап етуде. Жергілікті, провинциялық және федералдық саясаткерлер шерушілердің әрекетін айыптады.