Жаңалықтар тізбегі
0

Досаев пен Бозымбаевқа «Алтын орда» базарының жұмысын реттеу тапсырылды

"Алтын орда" базары, президент, Досаев, Бозымбаев, Алматы қаласының әкімі, Алматы облысының әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 14:35 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге екі айдың ішінде «Алтын орда» базарының жұмысын реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматы мен оның төңірегінде тұратын 3 миллион адамның басым бөлігі тұтыну тауарларын «Алтын Орда» базарынан алады. Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктеріне үкіметпен бірлесіп, базарда тәртіп орнатуды тапсырамын. Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз май шелпекке айналды. Бұған Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде анық көз жеткіздік.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент әкімдерге бұл жұмысты атқаруға екі ай уақыт берді. Қажет болған жағдайда, құқық қорғау органдарын жұмылдыруды тапсырды.

Бұл мәселе басқа аймақтарға да қатысты. Қажет болса, бұл іске құқық қорғау органдары аралассын. Екі ай уақыт беремін.Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: