Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Ол 11 ақпан оның Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымындағы соңғы күні екенін атап өтті.
10 жыл бойы оңтүстік астананың әкімдігінде үздіксіз қызмет еттім. Осы уақыт ішінде біз сіздермен бірге қаламыздың игілігі үшін көптеген істерді атқардық. Қолдауларыңыз бен пікірлеріңіз үшін барлығыңызға рахмет! Сындарлы сын мен жақсы қала құру бағытын қолдаудың арқасында Алматы түбегейлі өзгерді. Бұл қаламызға қамқорлық танытатын алматылықтардың өздері екенін аңғартады, – деді ол.
Сонымен қатар, Қиқымов Сағынтаев Бақытжанға, сондай-ақ барша әріптестеріне, әкімдік қызметкерлеріне, мәслихат депутаттарына, Қоғамдық кеңеске, қоғамдық ұйымдарға, коммуналдық қызметтер мен мекемелерге алғысын білдірді.
Біз бірге барлық өзекті мәселелердің түбіне жетуге және оларды ортақ күш-жігермен бірден шешуге тырыстық. Қала тағдырына немқұрайлы қарамағаныңыз үшін және осы оқиғаға толы, ұмытылмас 10 жыл үшін рахмет! Ешбір жерде және ешқашан, әлемнің ешбір қаласында жұлдыздар балалық шақтың қаласы – Алматыдағыдай жарқырамайды. Осы жерде туып-өстім, оқыдым, отбасын құрдым, осында үш баланың әкесі болдым. Мен қаламызды шынымен жақсы көремін. Бұл мен үшін ерекше, өмірдің өзіндік ырғағы бар – жарқын, серпінді, жаңа шындыққа тез бейімделетін жер, – деп жазды Қиқымов.
Сөз соңында ол жақсылықтың бәрі сақталып, еселенетініне сенім білдірді.