Қазақстанда шектеу шаралары жұмсартылады
ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бизнес пен тұрғындарға қатысты мынандай шектеу шараларын жұмсартуды мақұлдады:
егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған ҚР азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады;
ПТР тестінсіз вакцинация паспорттарын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі;
ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады ("Ashyq" жобасынан "сары" мәртебесін алып тастау).
Ералы Тоғжанов әкімдіктерге вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.