Нұр-Сұлтанда қанша жұмыссыз бар екені анықталды
Сурет: pixabay
Әкімдікте өткен брифинг барысында елордалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Талғат Есімов қалада қанша адам ресми түрде жұмыс іздеп жүргенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы берген ақпаратқа сәйкес елордада жұмыссыздық деңгейі 2021 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша 4,6% – ды құрады, бұл республикалық деңгеймен салыстырғанда 0,3%-ға төмен (ҚР бойынша – 4,9%).
Нұр-Сұлтан қаласында жұмыссыздар саны 28 226 адамды құрайды (ерлер - 14 165, әйелдер - 14 061). 15-28 жас аралығындағы жастардың үлесі 22% немесе 6 203 адамға тең. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына еңбек делдалдығы үшін 18 924 адам жүгінді. Елордалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Талғат Есімов.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 23 240 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript