Бали 23 елдің туристері үшін карантинді алып тастады
Сурет: pixabay
Индонезия билігі Бали аралына 23 елден келетін шетелдіктер үшін карантинді алып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
rg.ru сайтының хабарлауынша, бұл елде визалық режим де жеңілдетілген.
Бали губернаторы Уэйан Костер COVID-19-ға қарсы толық вакцинациядан өткен туристер визаны тікелей шекарада иелене алатынын хабарлады.
Индонезияда коронавирусқа қарсы иммундау үшін 11 дәрі-дәрмек мақұлданған, соның ішінде Sputnik V да бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript