8 наурызға арналған ауа райы болжамы
Суық антициклон Қазақстан аумағына қарай жылжып, еліміздің солтүстік жартысында жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне ықпал етеді. Алайда фронтальды учаскелер Қазақстанның оңтүстік облыстарында әсерін сақтайды: жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып өтеді, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, батыста – шаңды дауыл, тұман, оңтүстікте – найзағай күтіледі.«Қазгидромет» РМК
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде қарлы боран болады, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысында түнде оңтүстікте, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде солтүстістігінде – аздаған қарлы боран болады.
Ақмола облысының батысында тұман түсіп, түнде оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, аздаған боран соғады.
Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік пен шығыста жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман түсіп, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ күтіледі.
Күндіз батыста, Маңғыстау облысының орталығында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз шаңды дауыл соғады.
Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жел 15 м/с-ке дейін күшейеді, оңтүстікте тұман күтіледі.
Солтүстік, Солтүстік Қазақстанның шығысында, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Солтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі, күндіз солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с -ке дейін күшейеді.
Солтүстікте, батыста, Атыраудың орталығында, Қызылорданың оңтүстігінде, түнде және таңертең Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.