Тәліптер әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Сурет: pixabay
Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Абдул Кахар Балхи ел билігі «мемлекетте тұратын әйелдер үшін лайықты және қолайлы жағдай жасауға» үміттенетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауғанстан билігі әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Құттықтауды Twitter-де Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Абдул Кахар Балхи жариялады.
8 мамыр халықаралық әйелдер күні барша қыз-келіншектерге берекелі болсын.Абдул Кахар Балхи
Хабарламада Ауғанстандағы әскери әрекеттер «әйелдердің өміріне жағымсыз әсер еткені» айтылған. Ел үкіметі «мемлекетте тұратын әйелдерге лайықты және қолайлы жағдай жасауға» үміттенеді.
Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) билікке келгеннен кейін осы елдің әйелдері бірнеше рет наразылық акциясын өткізді. Белсенділер билікті әйелдер құқығын құрметтеуге шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript