Түркістан облысында дүниеге келген үшем перзентханадан шықты
Бұған дейін Түркістан облысының №3 перинаталдық орталығында түркістандық 33 жастағы келіншек дүниеге үшем әкелгенін сүйіншілеген едік. Набат Садыкбекова мерзіміне жетпей толғағы басталғандықтан, үш ұлды отаның көмегімен дүниеге әкелді.
Жаңа туған нәрестелерге Омар, Осман, Мухамед-Али есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1850 гр, 1490 гр, 1550 гр.
Сурет: Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мерзімінен бұрын туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған еді. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақталып, үйге шықты.
Сурет: Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін батыр ананы Түркістан қаласы әкімдігі құттықтап, сый-сияпат табыс етті.