Жаңалықтар тізбегі
0

Бірінші сәуірден бастап біржолғы зейнетақы төлемдері қалай жүзеге асырылады

БЖЗҚ, зейнетақы жинағы, жинақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2022 10:26 Сурет: Zakon/Максим Золотухин
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегі (ТЖШ) күшіне енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салсақ, бұған дейін президент Қасымжомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №875 қаулысымен 2021 жылға есептелген ТЖШ қолдану мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметінің жазуынша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін салымшы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында алуға қолжетімді зейнетақы жинақтарының бар-жоғына көз жеткізуі тиіс.

Мұны enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте, сондай-ақ, egov порталы мен мобильді қосымшасында көруге болады.

Одан әрі салымшы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті операторлардың интернет-ресурсы арқылы алдын ала өтініш бергені жөн.

Бүгінде тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтініштер қабылдайтын уәкілетті операторлар: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ, емделуге «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып табылады.

Уәкілетті оператор біржолғы зейнетақы төлемін алу туралы өтінішті қарағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді. БЖЗҚ тарапынан алуға қолжетімді қаражат уәкілетті оператордан электрондық хабарлама келіп түскен күнгі ТЖШ ескеріле отырып тексеріледі. БЖЗҚ электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға алушының арнайы шотына біржолғы зейнетақы төлемін аударады.

Назар аударатын жәйт, 2022 жылға арналған ТЖШ 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енетіндіктен, БЖЗҚ уәкілетті операторлардан БЖЗҚ-ға 2022 жылдың 31 наурызына (қоса алғанда) дейін келіп түскен өтініштер бойынша 2021 жылға есептелген ТЖШ шамаларына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін жүргізетін болады.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында ТЖШ – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері деп айқындалған. ТЖШ айқындау әдістемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен (2021 жылғы 6 қаңтардағы өзгерістері мен толықтыруларымен) бекітілген.

Әдістемеге сәйкес, ТЖШ мөлшері жыл сайын әр жас үшін есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді. Бұл ретте ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері сияқты әлеуметтік көрсеткіштер пайдаланылады.

ТЖШ шамалары туралы ақпарат БЖЗҚ сайтында келесі сілтеме бойынша жарияланған https://www.enpf.kz/kz/services/withdrawal/withdrawal-check.php

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: