Қазақстанның үш облысындағы өзендерде су тасқыны болуы мүмкін
Сурет: pixabay
Синоптиктердің мәліметінше, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының тау бөктерлеріндегі өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
16-18 наурызда Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының тау бөктеріндегі аудандарында ағын қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі болады.«Қазгидромет» РМК
Мамандардың айтуынша, су деңгейінің көтерілуі тауларда қатты жауын-шашын болжамына байланысты. Аталған өңірлерде негізінен жаңбыр жаууы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript