Жеңілдетілген автонесие туралы егжей-тегжейлі айтылды
Бірінші нұсқада «Оператор» РОП» компаниясы жинақтаған қаражаттан 100 млрд теңге бөлу қарастырылған. Екінші нұсқада республикалық бюджеттен қаражатты револьверлік негізде бөлу қарастырылған.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Еске салайық, «Оператор РОП» ЖШС қызметі 19 қаңтарда тоқтатылды. Қазір компанияның барлық қаражаты «Жасыл даму» АҚ есепшотында.
Бағдарламаның шарттары мынадай:
қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспайды;
бастапқы жарна талап етілмейді;
несие мерзімі жеті жылға дейін;
несие сомасы 10 миллион теңгеден аспауы керек.
Бағдарламаға отандық өндірістің көліктерін сататын барлық автосалон қатысады. Осылайша, JAC, Chevrolet, KIA, LADA, UAZ, MAN, Renault, Hyundai маркалы көліктерді сатып алуға болады.
Қазір «Жасыл Даму» АҚ тарапынан қаржы бөлу шарттары қарастырылып жатыр. Оператор – Қазақстанның Даму Банкі.
Министрлік қолданыстағы автонесие бағдарламалары бойынша 30 525 автокөлік берілгенін, 2021 жылдың қорытындысы бойынша нақты берілген несиелер сомасы 159 миллиард теңге болғанын айтты.
Айта кетейік, елімізде жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта қолға алынбақ. 23 ақпанда премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа бағдарламаның шарттарын жариялап, «Жасыл даму» шотындағы 100 миллиард теңге жеңіл көлік сатып алуға берілетін несиеге аударылатынын хабарлады.