Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Бас прокурорының орынбасары Украинадағы жағдайға орай ескерту жасады

ҚР Бас прокуратурасы, Ресей, Украина, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 14:52 Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев «Прокуратура туралы» заңның 31-бабын негізге ала отырып жасаған үндеуінде әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты арандатушылық сөздер мен әрекеттерге жол бермеуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, 2022 жылғы ақпан айынан бастап бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты материалдар белсенді жарияланып жатыр.

Бұл ретт олардың ішінен жекелегендері Қазақстан азаматтарын осы жанжалға қатысуға шақырумен, ұлттық араздықты қоздыру, екі тараптың да азаматтарының ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері бар қасақана арандатушылық мәлімдемелермен және көрінеу жалған ақпаратпен сүйемелденеді.ҚР Бас прокурорының орынбасары Б. Дембаев

Сондай-ақ ол әлеуметтік желілердің кейбір пайдаланушылары, соның ішінде Қазақстан азаматтарының арасынан болып жатқан оқиғаларға жария түрде түсіндірме бере отырып, оларға еліміздің аумағының тұтастығына қатысты сепаратистік үндеулер жариялап жатқанын айтты.

​Бұл әрекеттерге Қазақстан Конституциясымен, біздің еліміз қатысушы болып саналатын жалпыға танылған халықаралық-құқықтық құжаттармен тыйым салынған.ҚР Бас прокурорының орынбасары Б. Дембаев

ҚР Бас прокурорының орынбасары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде осындай арандатушылық сөздер мен әрекеттерге ермеуге шақырды.

Қазақстан азаматының шет мемлекет аумағындағы соғыс қимылдарына қасақана құқыққа қайшы қатысуы, сол сияқты ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстанның тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуға жария түрде шақыру қылмыстық жазаланатын әрекеттер болып табылатынын (ҚК-нің 172, 174, 180-баптары) және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соқтыратынын түсіндіреміз.ҚР Бас прокурорының орынбасары Б. Дембаев

Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: