Мұсылмандардың қандай әрекеттері оразаны бұзады
Сурет: pixabay
ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат қажы Оңғар мұсылмандардың қандай әрекеттері оразаны бұзады және ондай жағдай орын алғанда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұмытып кетіп суды ішіп, тамақты жеп қойсаңыз оразаңызды бұзбайсыз. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтату керек. Құлаққа су кіру, топырақ, шаң, ұнның тозаны, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ол оразаны бұзбайды. Қан алдыру, көзге, құлаққа дәрі тамызу немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Бірақ бір шарты бар - тіс жуғанда тіс пастасы ішке өтпеу керек, өтіп кетсе - ораза бұзылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат қажы Оңғар
Наиб мүфти Ершат қажы Оңғардың айтуынша, тіс жұлдыру да Оразаны бұзбайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы суйықтықты жұтып коюға болмайды. Ауыз бен мұрынды су алып шайқау оразаны бұзбайды, бірақ тамаққа кетпеуін кадағалау керек. Сондай-ақ, душқа түсіп, жуыну да оразаны бұзбайды.
Әдейі бір нәрсені жеп-ішу оразаны бұзады. Сондай-ақ адам біле тұра аузына түскен жаңбыр тамшыларын жұтып қойса. Сондай-ақ осы кезеңде темекі шегу, есірткі қабылдау, құрамында нәрлі заттар бар укол алуға да болмайды. Оразасы бұзылған жандарға Каффарат оразасын ұстау қажет болады. Ол деген үздіксіз екі ай ораза ұстауды айтады, оған шамасы келмейтін жандарға 60 кедейді тамақтандырып-тойдыру міндеттеледі. Ершат қажы Оңғар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript