«Қызыл кітапқа» енген Түркістан сілеусіні камераға түсіп қалды
видеодан скриншот
Алматы облысындағы Алтынемел ұлттық саябағында «Қызыл кітапқа» енген Түркістан сілеусіні видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видео саябақтың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.
Объективке төрт сілеусін түсіп қалды. Оның бірі ұрғашы, қалған үшеуі балалары.
Бұл сирек кездесетін құбылыс. Әдетте сілеусіннің 2 баласы болады. Ал бұл сілеусінде үшеу екен. Мұндай оқиға ұлттық саябақта сілеусін үшін қолайлы өмір сүру жағдайы бар екенін көрсетеді. Олардың негізгі азығы – сібір тау ешкісінің, жабайы қабанның баласы және сирек кездесетін кекіліктер, – делінген хабарламада.
«Алтынемел» – Алматы облысындағы Іле өзенінің алқабындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парк.
Еске сала кетейік, наурызда Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында барыс видеоға түсіп қалғаны хабарланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript