«Бұл бала өмірді сүюді үйретті»: Димаш 7 жасар баланың арманын орындады
Қазақстандық Menin Armanym жобасы 3 пен 18 жас аралығындағы айықпас ауруға шалдыққан балалардың арманын орындайды. Осы жолы жоба ұйымдастырушылары кішкентай Дулаттың «Димаш Құдайбергенмен кездесу» деген арманын орындады.
Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.
25 Наурызда Дубайдағы концерттен кейін мен жаңа досым Дулатпен таныстым. Бұл бала маған ең бастысы өмірді сүюді, адамдарды жақсы көруді және бақытпен бөлісуді үйретті. Дулат бәрін қорғағысы келетін періште сияқты. Ол бәріне сүйіспеншілік танытып, ризашылық білдіп құшақтай берді. Мені осындай ерекше балапанмен таныстырғаны үшін "Менің арманым" жобасының ұйымдастырушыларына рахмет.Димаш Құдайберген
Дулат қазір 7 жаста. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол Димашпен кездесуді қатты армандаған. Әншімен кездесу үшін Дубайға да арнайы ұшыпты.
Еске сала кетейік, әншінің көктемгі концерттік бағдарламасын жариялаған едік:
25 наурыз. Дубай (Біріккен араб әмірліктері). Өтетін орны: Coca Cola Arena
2 сәуір. Минск (Беларусь). Өтетін орны: Минск арена
16 сәуір. Прага (Чехия). Өтетін орны: Типспорт арена
9 сәуір. Дюссельдорф (Германия) Өтетін орны: ISS Dome
Концертке билеттерді әншінің Instagram парақшасындағы сілтемелер арқылы сатып алуға болады.