Шаңды дауыл, найзағай, жаңбыр – 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, таулы аймақтарда фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте және батыста тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстікте, таулы аймақтарда найзағай болады. «Қазгидромет» РМК
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды, түнде және таңертең таулы аймақтарда желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады.
Қостанай облысының оңтүстік-шығысын тұман басады, күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының шығысында – найзағай ойнайды, облыс орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Түнде Ақтөбе облысының батысын, орталығын тұман басады.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.