Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі
Сурет: Zakon.kz
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәжілісте Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қаншалықты өсетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Инфляция дәлізінің 8-ден 10%-ға өзгеруіне байланысты зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін тағы 4%-ға қосымша индекстеу жоспарлануда, бұл барлық әлеуметтік төлемдердің 9%-ға өсуін қамтамасыз етеді, ал ынтымақты зейнетақы 2021 жылмен салыстырғанда 11%-ға артады. Бұл өсім 4,2 миллион әлеуметтік жәрдемақы алушыны қамтиды. ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов
Нақтыланған бюджет жобасында бұл мақсатқа қосымша 111 млрд теңге қарастырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript